ШҚО-да пробация қызметкерлері Астана күніне орай байқау өткізді
ШҚО-да пробация қызметкерлері "Тәуелсіздік түндігі – Нұр-Сұлтан" тақырыбында Астана күніне арналған көркемсөз оқу байқауын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметінде қазіргі уақытта 170-ке жуық сотталған есепте тұр, оның 20-ға жуығы әйелдер.
Негізінен олар ұялы телефондарды ұрлау, тонау, алаяқтық бойынша есепте тұр.
Есепке тұрған сотталушылар арасында пробация қызметі инспекторларымен "Тәуелсіздік түндігі – Нұр-Сұлтан" тақырыбында Астана күніне арналған көркемсөз оқу байқауы өткізілді. Бұл байқаудың басты мақсаты: сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу, Елорданың нышанымен, Қазақстан Республикасы Президентінің "Астананы көшіру туралы" Жарлығымен, оның мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен, қазіргі заманғы келбеті мен жетістіктерімен таныстыру, сондай-ақ Нұр-Сұлтанның жетістіктері сотталушылардың бойында патриоттық сезімді, елге және адамдарға деген құрмет сезімін ояту, сүйіспеншілікті нығайту және Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Олар өз композициясы бойынша, кейбірі біреуі парақтан, біреу, есте сақталған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқуы - пробация қызметі жоспарлаған, астана күніне орайластырылған көптеген тәрбиелік шаралардың бірі, - деді Семей қаласы Әуезов ауданық ПҚ бастығының орынбасары әділет майор Эрик Усербаев.