Қазақстан әскери теңіз күштерінің корабльдері Каспийге жорыққа шықты

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 21:11 баспасөз қызметі
Корабльдер экипаждары өздеріне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындады.

"Сарыарқа" және "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық корабльдері бастаған Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторына жорыққа шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Корабльдер экипаждары өздеріне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындады. Бірқатар корабльдік-жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізіліп, жүзу ауданы зерттелді. Әскери теңізшілер кеменің қалқымалы макетіне және қалқымалы минаға артиллериядан оқ атуды орындады.

Жорықты Әскери-теңіз базасы командирінің орынбасары 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы басқарды.

Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік даярлықтың негізі болып табылады. Жорықтар кезінде кеме командирлері мол тәжірибе жинайды. Жеке құрам іс жүзінде дағдыларға ие бола отырып, жауынгерлік даярлық деңгейін арттырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: