Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана" соңғы минутта гол соғып, жеңілістен аман қалды

aladop.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2021 14:53 aladop.kz
Қазақ клубтары еурокубокта қалай ойнады?

Елордалық "Астана" Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында финляндиялық КуПС командасымен тең ойнады, деп жазады aladop.kz.

Қос команда ойынның алғашқы жартысында гол соға алмады. Ал 54-минутта Аньекпено Удо "Астана" қақпашысы Дмитрий Непогодов пен Энео Битридің қателігін өз пайдасына жаратып, есеп ашты. Бірақ 94-минутта албаниялық қорғаушы өз қателігін түзеді. Ол қарсылас ойыншыдан кері серпілген допты қақпаның оң жақ бұрышына дәл бағыттады. Осылайша, ол қатарынан екінші матчта ең соңғы минутта гол соғып, командасын жеңілістен аман сақтап қалды.

Қарымта матч 12 тамыз күні "Астана Аренада" өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

"Тобыл" алғашқы матчта "Жилинаға" есе жіберді

Қостанайлық "Тобыл" Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында өз алаңында словакиялық "Жилинадан" ұтылып қалды. Кездесу "Астага Арена" стадионында өтіп, 0:1 есеюімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол 27-минутта соғылды. Словакиялық команданың жартылай қорғаушысы Мирослав Гононың айып алаңның сыртынан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. Одан кейін де "Жилина" гол соғатын мүмкіндікке ие болды. Бірақ Александр Мокин жарқын сейвтерімен көзге түсті. Ал "Тобыл" қанша шабуылдаса да, гол соға алмады.

Жауапты матч 12 тамыз күні Словакияда өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 22:45-те өз бастауын алады.

"Қайрат" Алматыда "Алашкертті" жеңе алмады

Алматылық "Қайрат" Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта армениялық "Алашкертпен" тең ойнады. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Ойын бастала салысымен алматылық клуб бірінші нөмірмен ойнай бастады. Жасаған шабуылдары да аз болған жоқ. Артур Шушеначев пен Гүлжігіт Алықұловта жүз пайыздық мүммкіндік болды. Сен соқпасаң, саған соғамын дегендей, ойынның 34-минутында армениялық клуб пенальти тебу құқығына ие болды. Нүктеге келген Александр Глешич гол соға алмады. Оның тепкен добы қақпа маңдайшасына дөп тиді. Ал екінші таймда қос команда да мардымсыз ойынымен көзге түсті.

Жауапты ойын 12 тамыз күні Арменияда өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: