Тоқаев Орталық Азия елдерінің ұлттық тауарлар көрмесіне барды
Ақорда
Шара соңында мемлекеттер басшылары бес елден келген өнер шеберлерінің концертін тамашалады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің ұлттық тауарлар көрмесіне барды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Консультативтік кездесу аясында Орталық Азия елдерінің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон, Гурбангулы Бердімұхамедов және Шавкат Мирзиёев ұлттық тауарлар көрмесін аралады. Көрмеде экономиканың түрлі саласындағы идеялар, технологиялар, инновациялар, өнеркәсіптік және өндірістік жабдықтар мен өнімдер таныстырылды. Іс-шараның басты мақсаты – инновациялық технология саласындағы жетістіктерді көрсетуге жағдай жасау, тәжірибе алмасу және Орталық Азия елдерінің серіктестерімен тиімді ынтымақтастық орнату, делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері аймақ елдерінің ұлттық тағамдары халықаралық фестивалінің қонағы болды.
Шара соңында мемлекеттер басшылары бес елден келген өнер шеберлерінің концертін тамашалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript