Жаңалықтар тізбегі
0

Зайырлы елдің басты нышандары – мемлекеттік рәміздер

elitar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2021 17:44 elitar.kz
Қазақстан қоғамының құндылықтары арқасында мемлекетте даму, прогрессивті ойлау, келісім мен тұрақтылық нығаюда.

Зайырлы мемлекет қатарындағы Қазақстан Республикасы өзінің Конституциясында азаматтары мен қоғамның құқықтары тең екенін атап көрсеткен. Жалпы білуімізше зайырлы мемлекеттің негізгі принциптерінің бірінде қоғам мен азаматтардың діни сенімге деген көзқарастары плюралистік негіздерге сүйенген. Азаматтардың діни сенімдеріне қарамастан ешқандай басымдылық берілмейтін зайырлы мемлекетте – мемлекеттік рәміздер бекітілгені белгілі.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бері 30 жыл аралығында қалыптасқан жүйеге сәйкес мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Гимн бекітілген. Қазақ елінің рәміздері саналатын көк туымыздың бастауы 15-ші ғасырда қалыптасқан Қазақ хандығының ресми туларынан бастау алатыны көпшілікке аян.

Қазіргі 21-ші ғасырдағы егеменді Қазақстанда көк ту астында көптеген діни конфессиялар мен этнос өкілдері бейбіт өмір сүруде, еліміздегі қоғамдық келісімді, төзімділік, бейбітшілік сынды пікірлер мен тәжірибені жүзеге асыруда. Ресми мәліметтер бойынша 18 конфессияның діни сенімдеріне байланысты өздеріне тиесілі символика, нышандары бар, мысалы ислам дінінің ұстанымына қатысты – "ай" символы мешіттер ғимараттарының бас орындарында орналастырылады, христиандық сенімдегі шіркеулердің символыда бар, иудаизм, буддизм тағы басқа да конфессиялардың өздігінше тиесілі символдары ғимараттарында орналасады.

Бүгінгі таңда, елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында көптеген конфессиялар мен этностар арасында достастық, өзара құрмет, төзімділік пен ширек ғасырда қалыптасқан сенімді пікір алмасу, білім, ғылым, мәдениет, өнер кәсіп және басқа да қоғамдағы салаларда өзара қарым-қатынас орнатылып жалпы әлеуметтік-экономикалық даму жолында қазақстандық азаматтар арасында өзара құндылықтар пайда болғаны анық. Қазақстан қоғамының құндылықтары арқасында мемлекетте даму, прогрессивті ойлау, келісім мен тұрақтылық нығаюда.

Осы орайда қоғамдағы құндылықтардың нығаюына белгілі дәрежеде оң септігін тигізіп жүрген конфессиялар мен этнос өкілдерінің күнделікті еңбегі мен жасампаздық әлеуеттері шын мәнінде үлкен екені сөзсіз қағида болып қалыптасты. Аталған қоғамдық құндылықтарды бұзып, өзара сенімділіктің орнына үрей мен бөлінушілікке үгіттейтін, жасырын насихаттайтын топтар мен теріс пиғылды діни ағымдардың қоғамға зияндығы бар екені анық.

Мысалы, деструктивті діни ағымдардың көріністері кейінгі уақытта Сирия мен Ирак аймақтарындағы қарулы қақтығыстарға қатысқандар арасында қазақстандық азаматтар қатарынан болғандары анық, 2019 жылы Қазақстан дінтанушыларының 12 Форумында дін саласындағы ағартушы, ақпараттық-түсіндіру топтардың мүшелеріне ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілі ел аумағында 20 000 жуық деструктивті ағымдардың ұстанушылары бар екендігін хабарлаған болатын. Неге Таяу Шығыс, Ауғанстан және басқа да аймақтарда заңсыз қарулы қақтығыс мекендерге барып қантөгіс оқиғаларға қатысқан қазақстандық азаматтардың барлығы мемлекеттік рәміздерді құрметтемейді? Бұл сауалдың жауабын гуманитарлық, әлеуметтік, психология сала мамандары білетіні белгілі, себебі деструктивті ағымдардың мүшелері отан, туған жер, әлеуметтік орта, тарихи-мәдени құндылықтар, жахандану кезеңдегі елдің бағыт-бағдарларына, прогрессивті азаматтық қоғамды құруға ынта-ниеттерінің бар бомауының көрінісі деп біледі. Бірнеше жылдары бойы "Жусан" гуманитарлық операциялары аясында Сирия, Ирак мемлекеттерінен соғыс аймақтарынан қайтарылғандармен арнайы оңалту, қоғамдық құндылықтарға бейімдеу шараларын мемлекет тарапынан жүргізіліп отырғаны барынша қолдау көрсеткен дұрыс деп пайымдаймыз.

Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы,

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: