Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте халықпен кері байланыс жүйелі жолға қойылған

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 00:47 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған басшылық өкілдері тұрғындармен онлайн кездесулер өткізіп, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде байланысып отырады.

Мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасына сәйкес Шымкент қаласында халықпен кері байланыс орнату жүйелі жолға қойылған.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған басшылық өкілдері тұрғындармен онлайн кездесулер өткізіп, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде байланысып отырады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімі ай сайын тұрғындарды онлайн жеке мәселелері бойынша қабылдаса, апта сайын түрлі тақырыпта өзінің парақшасында тікелей эфирге шығып тұрады. Жыл басынан бері 11 рет тікелей эфирге шыққан болса, әкім және оның орынбасарлары 70 рет онлайн кездесу өткізіп, онда 555 тұрғынды қабылдаған.

Одан бөлек соңғы 2 айда аудан әкімдері мен басқарма басшылары 25 рет тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берген. Атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, жоспарлармен бөлісіп отырады.

Мысалы, мегаполис басшысы өткен жұмада тұрғын үйді басқарудың жаңа түріне (ОСИ) көшудің артықшылықтарын түсіндірді. Жаңа заңға сәйкес көп қабатты тұрғын үйлер жай серіктестік немесе мүлік иелерінің бірлестігін құрып жатыр.

Ақпараттық танымдық жиекті арттыру мақсатында бүгін Абай ауданының әкімі Б.Парманов @akimat_shymkent әкімдіктің инстаграмдағы ресми парақшасында аталған тақырыпты тағы да кеңінен тарқатты. МИБ немесе ЖС құру үшін не істеу керек, кімге бару керек, қандай тиімділігі бар атап өтті. Эфир барысында қойылған 70-ке тарта сұраққа жауап берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 00:47

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 00:47

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 00:47

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: