Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 3 миллиардтан астам теңге бөлді

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 17:02 zakon.kz/ Павел Михеев
Бұл ақша жем-шөп шығындарын өтеуге бағытталғаны айтылады.

Үкіметтің резервінен Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына жем-шөп шығындарын өтеуге 3 миллиардтан астам теңге бөлінді, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Биылғы ауа-райының қолайсыздығы төрт түлікті азықпен қамтамасыз етуде қиындықтар туғызды. Бүгіндері жем-шөп дайындау мәселесі бойынша қызметті үйлестіру жөніндегі штаб жұмыс істей бастады, зардап шеккен аймақтарға қаржылай көмек көрсетілуде. Мысалы, құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына жем сатып алу шығындарын өтеуге үкіметтің резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді, - деді Қарашөкеев.

Оның айтуынша, мал азығын дайындау мақсатында Маңғыстау облысына қосымша 5,3 млрд теңге бөлу мәселесі шешілді.

Сонымен қатар, мал азығын дайындау мәселелерін шешуге жергілікті бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінді, қосымша 4,5 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде. Мал азығын сатып алу көлемін барынша ұлғайту бағытында шаралар кешені жүзеге асырылуда. Өңірлерге жем дайындау үшін қосымша 43,1 мың тонна арзан дизель отыны бөлінді, - деді министрдің міндетін атқарушы.

Ол зардап шеккен аймақтардағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің несиелері бойынша берешекті қайтару мерзімін ұзарту және несиені қайта құрылымдау туралы өтінімдерді қабылдау басталғанын айтты.

23 тамызда республикамыздан ірі-қара малдың экспортын уақытша шектеу туралы шешім күшіне енеді. Сонымен қатар, жедел штабқа зардап шеккен аймақтарға көмектесу үшін қаражат жинау тапсырылды, оны арнайы бақылауға алу ұсынылды, өзін жеммен қамтамасыз ете алмайтындарды ұжым шаруашылықтарға бекіту тапсырылды, - деді Қарашөкеев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: