Жаңалықтар тізбегі
0

Коммуналдық қызметтердің қымбаттауы немен байланысты - ҚР ҰЭМ түсініктемесі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 21:00 zakon.kz
Бұған дейін хабарланғандай, қыркүйек айынан бастап кейбір өңірлерде электр энергиясының тарифі орта есеппен 3,5%-ға өседі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтердің қымбаттауына не әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Құзырлы ведомства атап өткендей, коммуналдық қызметтер тарифінің соңғы бағамына көмір, газ, мазут, электр энергиясы сияқты стратегиялық тауарлардың бағасы айтарлықтай әсер етеді.

Мысалы, электр энергиясымен және жылумен жабдықтау қызметтер тарифінің 50% -ға дейінгі көлемін жанар-жағармай бағасы құрайды. Соңғы бағаланған құн бойынша газбен жабдықтау тарифінің 80% газдың көтерме бағасы қамтиды.

Тарифтердің өсуіне әсер етуші тауарлық газдың көтерме бағасының 10%-ға дейін көтерілуі, энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясы тарифің орташа есеппен 15%-ға өсіруі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланғандарға үстемақы енгізу сияқты реттелетін факторлар болып табылады. Осылайша, жаңартылатын энергия көздерінің үстеме ақысын ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерінің көтерілуі орта есеппен 7,2%-ға өсті, - деді Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай.

Коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне әсер ететін реттелмейтін факторлардың қатарына иесіз желілерді табиғи монополия субъектілеріне беру, олардың сенімге басқаруға берілуін ескере отырып, желілерді ұстауға жұмсалатын шығындар, көмір құнының өсуі жатады (2021 жылдан бастап баға 9%-ға өсті).

Бұған дейін хабарланғандай, қыркүйек айынан бастап кейбір өңірлерде электр энергиясының тарифі орта есеппен 3,5%-ға өседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: