Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

ҚР Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 01:21 ҚР Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс ведомствосының басшысы полигондарда бағынысты әскерлердің жауынгерлік оқуын ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғаларды тыңдады.

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әуе кеңістігін қорғау қызметін атқару барысын тексеріп, теңіз жаяу әскерлерінің, Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің және әскери теңізшілердің жауынгерлік даярлығы өтетін оқу-жаттығу алаңдары мен полигондарын аралады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақтау әуе базасында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы майдан авиациясы жойғыштарының кезекшілік атқару тәртібі, инфрақұрылымның жай-күйі мен әскери бөлімдегі объектілердің күзеті жөнінде баяндады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 01:21

Қорғаныс ведомствосының басшысы полигондарда бағынысты әскерлердің жауынгерлік оқуын ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғаларды тыңдады. Қорғаныс министрі соңғы уақыттағы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, енгізіліп жатқан жаңа іс-қимылдың тәсілдері мен тактикалық әдістерінің сапасын тексерді.

Сондай-ақ жоғары қарқында жеке құрамды 100% сабақтармен қамтуды және жауынгерлік даярлық үрдісін үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 01:21

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: