Қазақстан Катар компанияларымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 19:46 ПМ
Шара барысында Қазақстанның бірқатар ұлттық компаниясы мен ірі кәсіпорындарының басшылары катарлық бизнес өкілдеріне елімізде шетелдік инвесторлар үшін жасалған экономикалық мүмкіндіктер жөніңде баяндады.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Катар мемлекетіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бен Абдурахман әл-Танимен, Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрі Абдулла бен Абдулазиз бен Түрки әл-Субайемен, Катар Сауда-өнеркәсіп палатасының бірінші орынбасары Мұхаммед бин Тауар әл-Коваримен, Qatar Airways басшысы Акбар әл-Бейкермен және Qatar Investment Authority мен Hassad Food ұлттық компанияларының басшыларымен кездесулер өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 19:46

Қазақстан-Катар іскерлік кеңесі екі елдің іскер топтарының қатысуымен өтті, онда Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 19:46

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Смайылов сауда-экономика және инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуеті бар екенін атап өтіп, екі ел арасындағы мемлекетаралық қатынастарды тереңдету мен кеңейтуге жеке секторды белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 19:46

Шара барысында Қазақстанның бірқатар ұлттық компаниясы мен ірі кәсіпорындарының басшылары катарлық бизнес өкілдеріне елімізде шетелдік инвесторлар үшін жасалған экономикалық мүмкіндіктер жөніңде баяндады. Қазақстандық делегация құрамында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басшылары, Қазақстан Республикасының сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, мәдениет және спорт вице-министрлері, мұнымен қоса "BI Group", "Agro Holding Dinara Group", "Target AI", "Evotech CA" секілді ірі компаниялардың басшылары болды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: