Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі
![pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2021 17:43](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-dd325f4e-d86b-480c-b97d-2ba6706694b9/800x452.webp)
Найзағай жарқылдап, бұршақ аралас өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел тұрады деп болжанады.
Синоптиктер 26-28 тамызға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі: найзағай жарқылдап, бұршақ аралас өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел тұрады.
"Республикамыздың барлық өңірлерінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде +17...22, күндіз +30...38 градус, солтүстікте түнде +7...18, күндіз +20...35 градус, орталықта және республикамыздың шығысында түнде +7...18, күндіз +22...35 градус, оңтүстікте түнде +15...23, күндіз 32...40, оңтүстік-шығыста түнде +13...22, күндіз +27...37 град.ус ыстық болады деп күтіледі", деп хабарлайды "Қазгиромет" РМК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript