Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының әкімі: Қазіргі таңда жағдай толықтай бақылауға алынды

Facbook/Бердібек Сапарбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 15:46 Facbook/Бердібек Сапарбаев
Баршаңызды тек қана ресми мәліметтерге сенуге, жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын!

Жамбыл облысында болған оқиғадан кейін көптеген жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, бас сауғалай қашты. Енді оларды қайда орналастыру мәселесі туындады. Ал таңертең облыс әкімі бұл мәселенің толықтай бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қорғаныс министрлігі қоймада негізінен ұзақ қашықтыққа ұшпайтын инженерлік оқ-дәрілер сақталатынын, бірақ соған қарамастан халықтың қауіпсіздігі үшін жақын маңдағы үйлерден тұрғындарды эвакуациялау шаралары қабылданғанын айтты. Оқиға орнына Қорғаныс министрі бастаған комиссия жіберілді, олар оқиғаның салдарын жоюмен айналысады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 15:46

Осыдан кейін ВТС/в Таразе всегда солнечно Telegram каналында кейбір адамдардың №5 -ші мектепке орналастырылды деген ақпарат тарады. Бұл жайтқа бей-жай қарамайтын ел азаматтарынан азық-түлік, дәрі-дәрмек жағынан көмек сұралып жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 15:46

Осыдан кейін Жамбыл облысының әкімі таңертең Facbook-те жазба жариялап, жағдайдың реттеліп жатқанын жеткізді.

"Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынды. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам жатын орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған. Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда. Зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетілуде. ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылдануда. Баршаңызды тек қана ресми мәліметтерге сенуге, жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын", делінген жазбада.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 15:46

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: