Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда карантиндік шараларды жұмсарту жөнінде жаңа қаулы шықты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 16:44 zakon.kz
Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда Алматы қаласында карантиндік шаралар 4 және 6 қыркүйекте жеңілдетілуі мүмкін.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта Алматыдан басқа қалаларда демалыс күндері ШОБ объектілерінің жұмысына рұқсат етілгені жазылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласын қоспағанда, 28 тамыздан бастап мына объектілер жұмысына рұқсат етіледі:

- демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін,

- Ashyq" жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;

- сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілсін.

30 тамыздан бастап Алматы қаласын қоспағанда Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда Алматы қаласында карантиндік шаралар 4 және 6 қыркүйекте жеңілдетілуі мүмкін.

"Қоңыр қызыл" аймақтағы өңірлерде шектеу шаралары бұрынғыдай сақталады.

"Жұқпалы ауруы бар науқастарға арналған төсек-орынның қамтылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және орынның толу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болғанда тәуекел деңгейі қауіпті аймақта эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда өңір "қоңыр қызыл" аймаққа ауысады . Өңір "қоңыр қызыл" аймақта кемінде үш күн болған кезде карантиндік шараларды қатаңдату қабылданады. Күшейтілген карантиндік шаралар "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді", делінген құжатта.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан таныса аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: