Әлем чемпионы Ернар Чимбаевтың финалдағы ойыны

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 16:24 видеодан кадр
Бильярд турнирі Ханты-Мансийскіде өткен.

Қазақстандық бильярдшы Ернар Чимбаев "Еркін пирамида" бойынша әлем чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бильярд турнирі Ханты-Мансийскіде өткен. Алматының іргесіндегі Қаскелеңнен шыққан спортшы финалдық кездесуде ресейлік қарсыласы, 3 дүркін әлем чемпионы Никита Ливададан 7:4 есебімен басым түсті.

Ернар – халықаралық дәрежелі спорт шебері. Ол 2010 жылы әлем чемпионы атанған, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Бұл чемпионатқа әлемнің 19 елінен 58 ер мен 16 әйел қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: