Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бектанов Мұрат Кәрібайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, - делінген Ақорда жариялаған Жарлықта.
1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Соколовский ауданы, Сколовка ауылында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы, лицензиясы:
- Киевтік жоғары қарулы қолбасшылық училищесі (1998);
- ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясы (1998-2000);
· Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы (2005-2007).
Еңбек өтілі:
- мотоатқыштар взводының командирі (1989-1990);
- десанттық-шабуылдау взводының командирі (1990);
- десанттық-шабуылдау батальонының барлау бастығы (1990-1993);
- взвод командирі, Алматы жоғарғы әскери академиясының курсанттар ротасының командирі (1993-1997);
- штаб бастығы - РҚҚ командирі орынбасары (1997-1998);
- ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық бөлімінің офицері (1998);
-ҚР Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау бөлімінің аға офицері (2000-2001);
- бөлім бастығы, жедел бөлім бастығы, Республикалық ұлан әскерлерінің жауынгерлік қызмет және дайындық бөлімінің бастығы (2001-2005);
- ҚР Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары (2007-2010);
- ҚР Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау бөлімінің бастығы (2010-2013);
- ҚР "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2013-2016);
- ҚР Қарулы Күштері Құрлықтағы күштерінің бас қолбасшысы (2016-2019);
- 2019 жылдың 5 сәуірінен бастап ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы.
2020 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант әскери атағы берілді.