Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев мемлекетттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды

zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 17:40 zakon.kz/Максим Золотухин
Президенттің айтуынша, соңғы кездері шығыстық міндеттемелерді жабуда бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің ұлғаюы сынды ұнамсыз құбылыс пайда болған.

ҚР Парламенті жетінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын, Ұлттық қорды басқарудың бірқатар ережелері қажет екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент, негізінен, ұлттық қарыздың төмендігінің және елеулі резервтердің болуына байланысты Қазақстан пандемия салдарын салыстырмалы түрде сәтті еңсеріп келе жатқанын атап өтті.

Бұл - біздің бәсекелестік артықшылығымыз. Енді оны жоғалтпауымыз маңызды. Алайда, соңғы кездері шығыстық міндеттемелерді жабуда бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің ұлғаюы сынды ұнамсыз құбылыс пайда болды. Үнемі осындай оңай жолмен жүру мүмкін емес. Қаржылық тұрақтылық қоры шектеусіз емес, деп ескертті Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, бюджет кірісін ұлғайту үшін шаралар қабылдау қажет екені әбден айқын.

Бірақ бізге, бірінші кезекте, мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігін бақылау қажет. Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджет ережесінің орындалуын жеделдету қажет. Тиісті заңнамалық түзетулер 2021 жылдың соңына дейін қабылдануы тиіс. Жалпы алғанда, елімізге мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын, Ұлттық қорды басқарудың бірқатар ережелері қажет. Мен үкімет пен Ұлттық банктен жыл соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын дайындауды сұраймын, - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: