Жаңалықтар тізбегі
0

Азаматтық қызметкерлердің жалақысын көтеру - тың бастама – Ләззат Қожахметова

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 23:45 ҚазАқпарат
"Көпбалалы аналар одағының" жетекшісі азаматтық қызметкерледің жалақысының көтерілуі ішкі экономикаға оң әсерін тигізетіндігін айтты.

Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында бес нақты салаға баса назар аударды. Оларды іске асыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. "Таlbesik көпбалалы аналар одағы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ләззат Қожахмет осылай дейді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бұл - Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының үшінші Жолдауы. Онда білім және денсаулық салаларына басым назар аударылған. Одан бөлек Президент 5 нақты бастаманы атап өтті. Оларды іске асыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, - дейді Ләззат Таймырқызы.

Оның пікірінше, ең төменгі жалақыны көтеру тұрмысы төмен топтың әл-ауқатын жоғарлатуға көмектеседі.

"Көпбалалы аналар одағының" жетекшісі ретінде маған бір ұнаған тұсы, ең төменгі жалақы келесі жылдан бастап 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге көтеріледі. Бұл дегеніміз көптеген тұрмысы төмен отбасыларға жағдайының жақсартуға көмек болайын деп тұр, - деп қуанышын білдірді Таймырқызы.

Сондай-ақ, "Көпбалалы аналар одағының" жетекшісі азаматтық қызметкерлердің жалақысының көтерілуі ішкі экономикаға оң әсерін тигізетіндігін айтты.

Мемлекет басшысы азаматтық қызметкерлердің еңбекақысының көтерілетіндігін атап айтты. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысының жыл сайын өсіп отырғанын білеміз. Алайда, осы уақытқа дейін кітапханашылар, мұрағатшылардың және басқа азаматтық қызметкерлердің жалақылары төмен деңгейде болып келді. Келер жылдан бастап олардың жалақылары жыл сайын 20 пайызға өсіп отырады. Бұл - өте жақсы, - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: