Еуроодақ ауған халқын қолдау үшін Талибанмен қарым-қатынас орнатады
Еуродипломатия басшысы Жозеп Боррельдің айтуынша, ЕО ауғанстандықтарға қолдау көрсету үшін Талибанмен қарым-қатынас құруы керек, деп хабарлайды zakon.kz ria.ru-ға сілтеме жасап.
Ауғанстан халқына қолдау көрсету үшін Еуропалық Одақ Ауғанстанның жаңа билігімен байланысқа шығуы керек. Бұл Талибанды ресми түрде мойындау деген сөз емес, деді ЕО дипломаты Жозеп Боррель Словенияда өткен ЕО Сыртқы істер министрлігі кеңесінің бейресми отырысынан кейін.
"Министрлер тәліптердің билігіндегі Ауғанстанмен қалай қарым-қатынас құру керектігін талқылады. ЕО министрлері ауған халқына қолдау көрсеткісі келеді, сондықтан Ауғанстандағы жаңа билікпен қарым-қатынас орнату қажет болады. Бұл ресми мойындау емес, бұл ынтымақтастық құру жолындағы жұмыс", - деді ол.
Боррель сонымен қатар Ауғанстанмен ынтымақтастық орнату үшін бірқатар талаптар орындалуы тиіс деп атап өтті.
Біз (ЕО) Кабулда болуымыз үшін өзара үйлестірілген жұмыс атқарып, Талибан қозғалысымен қарым-қатынас орнатуды шештік. Тиісті жағдайлар жасалса, ЕО сыртқы саясат қызметінің үйлестіруімен Кабулде ортақ өкілдігіміз болғаны жөн, деді ол.