Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы әр пәтер мен үйді полиция тексереді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2021 19:06 zakon.kz
Тәртіп сақшылары саяжайларға, шатырлар мен жертөлелерге де тексеру жүргізіп жатыр.

Қазақстанда 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында "Жергілікті" жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі. Ол тұралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша проблемалық мәселелерді зерттеу, қызмет көрсетілетін учаскелердегі құқық бұзушылықтарды алдын алу үшін әкімшілік учаскенің тұрғындарын барынша қамтуға бағытталған "Жергілікті" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Операция 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін өтеді, - деді Н. Ораз.

Оның айтуынша, операция кезінде оларға тағайындалған учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен танысу, сондай-ақ әр түрлі құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін аула мен үйді аралап өтеді.

Сондай-ақ жалдамалы пәтерлерді, базарларды және басқа да сауда орындарын, тұрмысы нашар отбасыларды, жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырланған жерлерін қоғамдық тәртіпке қарсы әрекеттер мен қараусыз қалдыру фактілерін, сонымен қатар азаматтық қару иелері мен шетел азаматтарын тексереді.

Одан бөлек, тәртіп сақшылары саяжайларға, құрылыс жобаларына, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған, шатырлар мен жертөлелерге тексеру жүргізіп жатыр,

Ауылдық жерлерде негізгі күш қыстақтарды тексеруге және тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды анықтауға, адамдарды заңсыз пайдалану фактілеріне, шетел азаматтарының заңсыз болу фактілеріне, тіркелмеген қару мен басқа да тыйым салынған заттарды сақтауға бағытталған, - дейді ол.

Мадина Мамырханова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: