Пәтер ұрыларынан қалай сақтануға болады: полиция кеңесі
Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Тәртіп сақшылары жазғы демалыс кезеңінде азаматтарды өз мүлкіне мұқият болуға шақырады.
Соңғы жылдары пәтер ұрлығының саны азайып келе жатқанымен, биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында осындай 23 қылмыс тіркелген. Оның 20-сы ашылып, қалған үш дерек бойынша полицейлер тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
"Жаз мезгілінде пәтер ұрлығының саны дәстүрлі түрде артады. Бұл адамдардың демалысқа кетіп, тұрғылықты мекенжайында ұзақ уақыт болмауымен байланысты. Ұрылар көбінесе пластикалық терезелерді күштеп ашып үйге кіреді. Сирек жағдайда құлыптарды бұзу, кілттерді іріктеу немесе шатырдан түсу тәсілдерін қолданады. Сондықтан алдын алу мақсатында терезелерге немесе олардың ашылатын бөліктеріне тор орнатуды ұсынамыз. Сонымен қатар сенімді құлыптарды пайдаланған жөн. Егер үйіңізді ұзақ уақытқа қалдырсаңыз, оны бірнеше құлыппен жабуды ұсынамыз", – дейді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Владислав Ермолаев.
Әдетте қаскөйлер көзге түспей, оңай кіруге болатын жеке үйлер мен пәтерлерді таңдайды. Сондықтан кіреберістегі бейнебақылау камералары немесе үйдегі дабыл жүйесі қосымша қорғаныс бола алады. Көбінесе ұрылар бағалы әшекейлер мен қолма-қол ақшаны алып кетеді.
Сол себепті оларды сейфте немесе банк ұяшықтары мен шоттарында сақтау ұсынылады. Сондай-ақ полицейлер көршілермен тығыз қарым-қатынаста болуға кеңес береді. Себебі бірлесіп әрекет ету ықтимал қылмыскерлерге қарсы тұруды жеңілдетеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript