Қасым-Жомарт Тоқаев Серікбай Трұмовты қызметінен босатты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Серікбай Трұмовты қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Трұмов Серікбай Өтелгенұлы Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды, делінген құжатта.
Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылы 3 маусымда ҚКСР Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
- В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (1992), инженер-құрылысшы
Мансабы:
1981-1990 жж. – "Маңғышлақауылқұрылыс-12" тресінде әр түрлі қызметтерде болған;
1990-1994 жж. – "Маңғышлақауылқұрылыс-12" тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы;
1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы;
1995-2004 жж. – "Түпқараған" ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры;
2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;
2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;
2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;
2015-2017 ж.ж. - Ақтау қаласының әкімі;
2017 жылы қараша айында алтыншы сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды;
2019 жылдың маусым айынан бастап Маңғыстау облысының әкімі.