Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтардың бюджетке артық төлеген 2 трлн теңгеден аса қаражаты кері қайтарылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 18:54 zakon.kz
Бұл салықтық берешекті өтеу есебі бойынша есепке жатқызуды жүргізген жағдайда салық төлеушінің өтінішті ұсынуы талап етілмейді деген сөз.

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, салық органдары салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын салықтық берешекті өтеу есебіне салық төлеушінің өтінішінсіз есептеп, ал салықтық өтініш бойынша алдағы төлемдер есебінен кері шегеріп, қайтарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл салықтық берешекті өтеу есебі бойынша есепке жатқызуды жүргізген жағдайда салық төлеушінің өтінішті ұсынуы талап етілмейді деген сөз.

Биылғы жылдың 8 айында салықтық берешекті өтеу есебі және алдағы төлемдер есебі бойынша:

- заңды тұлғалар бойынша 687,9 млрд теңге сомаға 187 мыңнан астам есепке жатқызу жүргізілген;

- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 9 528, 7 млрд теңге сомаға 482 мыңнан аса есепке жатқызу жүргізілген.

Сондай-ақ банк шотына қайтарылды:

- заңды тұлғалар бойынша 2 201,7 млрд теңге сомаға 51 мың қайтарым жүргізілген;

- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 8, 7 млрд теңге 116 мыңнан астам қайтарым жүргізілген.

Жеке шоттары мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілмейтін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру басқа уәкілетті органдармен жүргізіледі, әрекеттерді жасамауды растайтын және тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген құжаттар негізінде есепке жатқызу мен қайтару жүргізіледі, - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Сондай-ақ, МКК-де 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізудің мерзімдері 10 жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейін қысқартылғанын еске салды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: