Ұлыбританияның СІМ басшысы Ауғанстандағы жағдайға байланысты қызметінен босатылды
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Сыртқы істер министрі Доминик Раабты Әділет істері жөніндегі мемлекеттік хатшы лауазымына дейін төмендетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Ұлыбритания үкіметіне сілтемей жасай отырып, BBC мен Reuters агенттігінің хабарлауынша, тәліптер Кабулға шабуылдағанда және Ауғанстаннан әкетуін сұрап, көмек сұраған мыңдаған қоңыраулар мен хаттарға келіп түсіп жатқанда, оның барлығын жауапсыз қалдырған Рааб Критке демалысқа кетіп қалған. Джонсон Сыртқы істер министрін осы себепті жұмыстан босату туралы шешім қабылдаған.
Раабтың орнына әр түрлі уақытта Дэвид Кэмерон мен Тереза Мэй министрлер кабинетінің құрамында болған Элизабет Трусс тағайындалды.
Доминик Рааб (Сурет: Rob Pinney / Getty Images)