Жириновский: Менің партиям екі ерлік жасады
ldpr.ru
Думаға және жергілікті сайлауда дауыс беру Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында өтті.
Ресейдің либерал-демократиялық партиясының (РЛДП) кәрі көсемі Владимир Жириновский сайлау науқаны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол либерал-демократиялық партиясының саяси мағынада екі ерлікке қол жеткізгенін атап өтті.
Біріншісі Хабаровск өлкесінде болған жағдай. Онда либерал-демократиялық партиясының бұрынғы губернаторы Сергей Иванович Фургалды қолдау үшін он мың адам алты ай бойы көшеге шықты. Белсенділерді сол жаққа жіберіп, Қиыр Шығыс аймақтарының көптеген заң шығарушы жиналыстарында басым көпшілікке ие болатын депутаттарымызға нұсқаулар беріп, бұл жағдайды өз мүддемізге қолдана аламыз. Осылайша бүкіл Қиыр Шығыстан күшті саяси допинг аламыз, - деді ол өз Telegram каналында.
Екінші ерлігі пандемияға қарсы күресі екен.
Инфекцияны аз да болсын төмендету үшін елдегі санитарлық ережелерді қатаң сақтауды талап еткен жалғыз партиямыз. Біз бәрінен екпе алуды сұрадық. Иә, егер біз екпеге қарсы болсақ, көпшілік бізді қолдайтын еді. Бірақ біз үшін азаматтардың денсаулығы бірінші орында, - деп жалғастырды Жириновский.
Думаға және жергілікті сайлауда дауыс беру Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында өтті.
Мемлекеттік Думаға сайлауда "Единая Россия" партиясы 49,82 пайызбен басымдығын сақтады, Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы - 18,93 пайызбен екінші, либерал-демократиялық партия - 7,55 пайызбен үшінші орын алды. Хаттамалардың жүз пайызы өңделді, деп хабарлады РИА Новости.
Жайна Тәттімбетова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript