Жаңалықтар тізбегі
0

Ақбұлақтағы атыс: "Банк ЦентрКредит" түсініктеме берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 23:16 zakon.kz
Тұрғын үйді сату, одан кейін үйді босату шараларын Банк жүргізген жоқ.

Дауға қалған банк елді шулатқан іс бойынша өз түсініктемесін берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Банктің ресми хабарламасына сәйкес, 2011 жылдың маусымында "Нано Плюс" ЖШС-іне негізгі қарызы мен пайыздарына 6 айға шегеріммен жалпы сомасы 102 000 000 теңгеге екі заем берілген. Кепіл ретінде Ақбұлақтағы үй, тұрғын емес үй-жай мен жер телімі қабылданған.

07.03.2012 ж. заем алушыға үш ай мерзімге қосымша шегерім берілген. 20.08.2012 ж. бастап заем алушы өз міндеттемелерін еш орындамастан кредитін төлеуді кешіктіруге шықты.

Келісімшарттағы міндеттемелерін орындамауына байланысты 17.04.2013 ж. борышты сот тәртібімен өндіру туралы шешім қабылданып, сол сәттен бастап банк аталған несие бойынша пайыз есептеуді тоқтатты.

Банк Алмалы аудандық №2 сотына заем алушы мен Гаранттан борышты өндіру туралы арыз-талап түсірді.

Заем алушы да, Гарант та кепілге қойылған мүлікті нарықтық құнымен өз бетінше сату құқығын пайдаланған жоқ.

22.01.2018 ж. Алатау аудандық сотының сырттай шешімімен Гарантқа тиесілі тұрғын үй тәркіленді. 16.08.2018 ж. тұрғын үй түріндегі кепілдегі мүлікті сату бойынша соттың электронды сауда-саттығы жүргізілді. Оның жеңімпазы деп Тұрғанов Н.С. танылды, 23.08.2018 ж. жеке сот орындаушысы мен Тұрғановтың арасында сату-сатып алу туралы келісімшарт жасалды.

26.12.2018 ж. Алатау аудандық сотының сырттай шешімімен кепілдегі мүлікті тәркілеу туралы сот шешімінің күші жойылды.

27.11.2019 ж. Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен Банктің арыз-талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарылды. Мүлікті сату кезіндегі бастапқы құны 29 417 000 теңге деп көрсетілді.

27.07.2020 ж. ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасы қаулысын қайта қарастыру туралы Демирчян А.П., Дужнова И.И. берген өтініш хат қанағаттандырылмай, кері қайтарылды. Осылайша тұрғын үй алғашқы сауда-саттықта сатып алған Тұрғанов Н.С-тың меншігінде қалды.

Одан кейінгі үйді босату шарасы сот актісінің негізінде сатып алушының пайдасына жүргізілген. Азаматтар арасындағы құқықтық қарым-қатынас қайғылы оқиғаға ұласты. Тұрғын үйді сату, одан кейін үйді босату шараларын Банк жүргізген жоқ.

Банк кепіліндегі тұрғын емес үй-жайға келсек, сатып алуға ниеттілердің жоқтығынан алғашқы электрондық сауда-саттық өтпей қалды. 18.04.2017 ж. екінші сауда-саттық өткізілді. Сатып алушының болмауынан ол мүлік бағаны төмендету әдісімен жүргізілген аукцион аясында 96 008 120 теңге деп бағаланып, Банк меншігіне өтті.

Банк бұл қайғылы оқиға кезінде қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Біз бұл оқиғаны тергеуге барынша көмектесіп, қажетті құжаттардың бәрін ұсынамыз және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмегімізді көрсетеміз, делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: