Жаңалықтар тізбегі
0

Медициналық ЖОО түлектері ауылға бармайды – депутат сауалы

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2021 16:58 Сурет: zakon.kz
2020 жылы медициналық ЖОО-ларға бөлінетін грант саны түсініксіз себептермен азайып кетті.

Мәжіліс депутаты С.Нақпаев пен "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Парламент Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері еліміздегі ауылдық елді мекендердегі медициналық тар шеңбердегі мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешуді сұрады.

Соңғы кезде министрлік, облыс әкімдіктері тарапынан ауылдық елді мекендерге медицина мамандарын тартуға бірқатар жұмыстар жасалды және атқарылуда. Мамандарды ауылдық жерлерге тарту үшін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы жұмыс істейді. Жергілікті әкімдіктерден көтерме жәрдемақы берілуде.

Соған қарамастан, облыстарда, соның ішінде шалғай аудандарда кейбір дәрігер мамандар әлі де жетіспейді. Мысалы, кез-келген медициналық оталарда өте қажетті анестезиолог-реаниматолог, сол сияқты инфекционист, травматолог, пульманолог, эндокринолог сияқты мамандар көптеген аудандарда жетіспейді. COVID-19 сияқты ауыр науқастан жазылған адамдарға реабилитолог қажет. Ол мүлдем жоқтың қасы. Оларды айтпағанда, акушер-гинеколог, хирург, фтизиатр сияқты мамандар да шалғай аудандарда жетпей жатыр. Алыс аудандарда осындай кадр жетіспеуіне байланысты өздеріне келіп түскен ауруларды санитарлық-авиация шақыртып, облыс орталықтарына жіберуді жиілеткен. Бұның бәріне бюджеттен қаражат керек, делінеді сауалда.

Бұл Қазақстан Республикасының барлық облыстарына тән проблема. Соның ішінде Атырау облысы бойынша барлығы 219, оның ішінде ауылдық жерлерге 63 маман жетіспесе, Маңғыстау облысы бойынша барлығы 221, оның ішінде ауылдық жерлерге 53 маман жетіспейді. Сол сияқты Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 267 маман керек болса, ауылдық жерлерге 140 маман керек екен.

Жағдайдың бұлайша ушығуына грант бойынша оқыған медициналық жоғары оқу орындарының кейбір түлектерінің міндетті бөлу әдісіне бағынбай, өздері бөлінген болашақ жұмыс орындарына бармай қалулары да себептерін тигізуде.

Сонымен қатар, медициналық жоғары оқу орындары үшін бөлінетін грант саны түсініксіз себептермен 2020 жылы азайып кеткен (2019 ж-4685, 2020 ж-4638 грант).

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін көтеру туралы жақсы айтылды. Медицина саласына инфраструктура, кадр, дәрі-дәрмекпен қамту мәселесіне қомақты қаржы бөлу керектігі көрсетілді.

Жалпы, медицинадағы кадр жетіспеушілігі мәселелері бұған дейін де айтылып жүр. Соған қарамастан сайлаушылармен кездескенде шалғай аудандардағы дәрігерлер осы проблеманы ренішпен көтеріп, бізден ықпал етуге көмек сұрап отыр.

Жалғыз COVID-19 пандемиясына емес, жалпы денсаулық сақтау мәселесінде алдымен маман тапшылығын жою керек.

Осы айтылғандарды қорыта келе, төмендегі көрсетілген проблемаларды шешуді сұраймыз:

1. "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы Жол картасының орындалуына сәйкес, көзделіп отырған 2021 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына гранттар санын тиісінше 2021 жылғы 4685-тен 2025 жылғы 5185-ке дейін ұлғайтуды ұтымды пайдаланып, кадр жетіспеу мәселесін шешу;

2. Грантпен оқыған түлектердің өздерінің болашақ жұмыс орындарына себепсіз бармай қалуларын тоқтату;

3. Грант бөлгенде медициналық мамандар жетіспейтін аймақтарға квота санын көбейту;

4. Ауылдық елді мекендердегі жалпы практика дәрігерлерін біліктілігін арттыру курстарына жіберу арқылы ауылдық жерге керекті медициналық мамандықтарды алуға мүмкіншілік қарастыру.

Депутаттық сауалымызда көтерілген сұрақтарға заңнамада көрсетілген мерзімде жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз, делінген сауалда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: