Жаңалықтар тізбегі
0

Бір адам жылына 4 келіге жетпейтін балық жейтін күйге түстік

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2021 18:41 Мәжілістің баспасөз қызметі
Еліміздің балық шаруашылығында қордаланып қалған мәселе өте көп.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Премьер-Министрдің орынбасары Р.Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстанның балық өнеркәсібі әлеуетін дамыту мәселесіне бірнеше рет назар аударды.

Қазақстан халқы жан басына шаққанда балықты аз тұтынатын ел болып есептеледі. Мәселен, егер ДДҰ бір адамға жылына кемінде 16 кг балық өнімін тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 кг-нан аз. Өз кезегінде көрші Ресей мен Қытайда бір адам тиісінше 20-40 кг балық етін тұтынады.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Қазақстанда балық аулау көлемі жылына 100 мың тоннаға дейін жеткен. Бүгінде балық аулау 46 мың тонна көлемін әрең еңсереді.

Табиғи су қоймаларындағы балық қорларын пайдаланудың өз шегі бар, ал көптеген су айдындарында балық ресурстарының төмендеуі байқалады.

Балық өнеркәсібін ұлғайтудың перспективалы бағытының бірі су қоймаларын балық аулаудан балық өсіруге қайта бағдарлау болып табылады.

Әзірге Қазақстан Үкіметі еліміздің балық саласына тиісті көңіл бөлмей келеді! Қазақстанның балық өнеркәсібі бүгінде көршілес Өзбекстаннан артта қалып тұр!

Өзбекстанда 2016 жылғы статистика бойынша 75 мың тонна балық өсірілді. Қазақстан бүгінгі күні бар жоғы 6,8 мың тонна балық өсіреді.

2020 жылы Өзбекстан 144 мың тонна балық өсіріп және аулаған, ал біздің елде бұл көрсеткіш 52,7 мың тонна.

Қолда бар су ресурстарын ескере отырып, Қазақстанда балық өсіру көлемін 600 мың тоннаға дейін өсіру үшін зор әлеует бар, экспорт көлемін 10 есеге арттыруға болады. Бұл кемінде 50 мың қосымша жұмыс орындарын құруға және әсіресе ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыруға ықпал ететін болады.

"Nur Otan" партиясы бұл салаға баса назар аудару керек деп санайды!

Ол үшін Үкімет мынадай шаралар қабылдауы керек!

1. Су биологиялық ресурстарды зерделеу, сақтау және молықтыру жөніндегі ғылыми - зерттеу жұмыстарын қолдау шараларын әзірлеу.

2. Тауарлы балық өсіруді қолдау, аквамәдениет пен балық өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың қаржылық қолдау құралдарын (құрал-жабдықтар, құрылысқа жеңілдікті кредиттер және айналым қаражатына, субсидиялар мен преференциялар) көздеу.

3. Судың нақты шығыстарына ғана ақы төлеуді көздей отырып, балық шаруашылығы субъектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақысын қысқарту. Төлем ставкаларын төмендетуді қоса алғанда, балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем механизмін жетілдіру.

4. Балық өсіруге кәсіптік оқытудың мемлекеттік жүйесін құру. Адамдарға балық өсірудің заманауи әдістерін үйрету керек.

5. Қайта өңдеуге тапсырылған балық пен уылдырықтың әрбір килограмы үшін (отандық өндірушіден) тауарлық субсидиялар көздеу;

6. Отандық балық өнімдерін экспорттаушыларға жүйелі қолдау құралдары мен преференциялар көздеу;

7. Балық өсіру жүйесіне қатысатын су объектілері мен экожүйелерді қорғау жөніндегі жұмысты күшейту.

Нақты шешімдер қабылдауды және қарау нәтижелерін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауды сұраймын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: