2022 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақының көлемі қандай болады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2021 19:41 zakon.kz
Бұл заң жобасын қабылдаудың мақсаты - ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін көтеру.

"2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- ең төменгі жалақы - 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 19 450 теңге;
- ең төменгі зейнетақы - 46 302 теңге;
- жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұлдарды, салықтарды және басқа төлемдерді есептеуде қолданатын бір айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК) - 3 063 теңге;
- негізгі әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуде қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері - 36 018 теңге.

Бұл заң жобасын қабылдаудың мақсаты - ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін көтеру, - делінген үкімет басшысының түсіндірме хабарламасында.

Құжат 6 қазанға дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: