Жаңалықтар тізбегі
0

Вакцинация паспортын қолдан жасаудың 30 дерегінің жолы кесілді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2021 15:51 видеодан кадр
Барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Қаржылық мониторинг агенттігі COVID-19 қарсы жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі таңда Агенттік жалған вакцинация паспорттарын берудің 30 дерегінің жолын кесті.

Мұндай құқық бұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік жауапкершілікті танытатын және осындай деректер туралы хабарлайтын азаматтар маңызды рөл атқарады.

Осылайша, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакцинация паспорттарын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түсті.

Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19 қарсы вакцинация паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Егер Сізге осындай құқық бұзушылықтар белгілі болған жағдайда, Агенттіктің + 7 7172 70-84-78 сенім телефоны арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық департаментке дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: