Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирус бойынша өлім-жітім саны үш есеге дейін азайды - Цой

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 15:58 zakon.kz/ Павел Михеев
Қазақстанда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы 36%-ға төмендеген.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметте Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы 36%-ға төмендеген. Тамыздың екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталды, аурушаңдық 3,2 есеге, өлім-жітім 2,7 есеге төмендеді.

Вирустың репродуктивті индексі 0,88 құрайды. Инфекциялық төсектер 33%, реанимациялық төсектер 32% толы. Коронавирустың таралу қарқыны бойынша Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары "жасыл аймақта", Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары "сары аймақта" орналасқан. Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары "қызыл аймақта" тұр

Соңғы айда тәулігіне аурушаңдықтар саны 3,6 есеге төмендеді, сонымен қатар стационардағы науқастар санының төмендеуі байқалады: 2,4 есе, яғни 25 мыңнан 10,5 мың адамға дейін. Амбулаторлық деңгейде ем алушы науқастардың саны 1,7 есеге, яғни 89 мыңнан 51 мыңға дейін азайды. Сонымен қатар, 23 тамыздан бастап бір тәулікте сауыққан адамдардың саны бір тәулікте тіркелген науқастар санынан асып кетуі де эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: