Францияда шіркеу қызметшілерінің арасында үш мыңнан астам педофил анықталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2021 19:11 Pixabay
Комиссия екі жарым жылдан астам уақыт тергеу жүргізді.

Франциядағы католик шіркеуінің үш мыңнан астам діни қызметкерінің педофилияға қатысы бары анықталды, деп хабарлайды zakon.kz "Известия" басылымына сілтеме жасап.

Бұл католик шіркеуін зерттеген тәуелсіз комиссияның қорытындысы.

Комиссия екі жарым жылдан астам уақыт тергеу жүргізді.

Комиссия 1950 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін шіркеу, сот және полиция мұрағаттарына, сондай-ақ куәгерлермен сұхбатқа сүйене отырып зерттеу жасады. Комиссия басшысы Жан-Марк Сова зерттеу барысында шіркеу қызметкерлері арасында кемінде 3,2 мыңға дейін педофил анықталғанын айтты.

Комиссия құрбандар санын 10 мың адамға жуық деп отыр. Агенттік комиссияның құрбандар санының толық есебі сейсенбіде, 5 қазанда жарияланатынын айтты. Ол 2,5 мың беттен тұрады.

Жайна Тәттімбетова

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: