Кредитін төлемес үшін Ресейде жасырынып жүрген қазақстандық ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 17:42 polisia.kz
Мойнында қарызы бар 45 жастағы азамат екі жылдан астам уақыт Ресейден үйіне оралмай қойған.

Борышкер қарыздарын төлемеу үшін Ресей Федерациясында жасырынып жүрген, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, көші-қон қызметі жұмысының бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздестіру болып табылады.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызды төлемегені үшін сот орындаушыларынан жасырынып, қарыздарын төлемеген 100-ден астам адамды анықтады. Борышкерлер төлем жасамау үшін тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар оның аумағынан тыс жерлерде де жасырынып жүреді.

– Мәселен, 2021 жылғы 18 маусымда Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының 45 жастағы азаматы анықталды. Ол қарызды уақтылы төлемеу үшін көрші мемлекеттің аумағында екі жылдан астам уақыт бойы тұрған, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізу келіп түскеннен кейін көші-қон қызметінің қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында борышкерді анықтап, қарызды өндіріп алу үшін сот орындаушысына ақпаратты жолдады.

"ШҚО ПД көші-қон қызметі борышкер қарызды төлеуден қасақана жалтарған жағдайд ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Алимент төлеуші төлем жасаудан жалтарған жағдайда оған ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: