Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 21 жастағы келіншек үшем босанды

Алматы қаласының перинаталдық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 22:59 Алматы қаласының перинаталдық орталығы
Екі жыл бұрын үйленген ерлі-зайыптылар бірден көп балалы отбасыға айналды.

Бір ұл бала мен мен екі қыз бала жүктіліктің 30 аптасында дүниеге келді. Осылайша 21 жастағы алматылық келіншек бірден үш сәбидің анасы болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі жыл бұрын үйленген ерлі-зайыптылар бірден көпбалалы отбасыға айналды. Бірінші болып ұл туды, оның сыңарлары екі минуттық айырмашылықпен дүниеге келді. Үшеуінің де салмағы бір килограмға жетпейді: 902 гр., 924 гр. және 916 гр.

Бастапқыда нәрестелердің тыныс алуына демеу жасалды және нәрестелер патология бөлімінің бақылауында болды. 14 тамызда туған балалар 4 қазанда үйіне шығарылды, деп хабарлады Алматы қаласының перинаталдық орталығы.

Нәрестелер едәуір салмақ қосып, ауруханадан шығарылған кезде салмақтары 2 келіге дейін өсті.

Біз үшін бұл үлкен бақыт. Балаларды Мұхаммед, Әмина және Сумая деп атадық, дейді балалардың анасы Марал Жолдыбаева.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 22:59

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 22:59

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: