Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 16:40 primeminister.kz
Үкімет басшысы жобалық тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық жобалар қаралды, оларды биыл 24 қыркүйекте Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысында Мемлекет басшысы тұжырымдамалық мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов баяндама жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін іске асыру аясында үлкен жұмыс атқарылды, — деді А. Мамин.

"Тұрақты экономикалық өсу", "Кәсіпкерлікті дамыту", "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобалары, 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба, "Жасыл Қазақстан", "Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс", "Білімді ұлт" сапалы білім беру", "Саламатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау", "Ұлттық Рухани Жаңғыру" ұлттық жобалары биыл қабылданған Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспары мен Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.

Премьер-Министр ұлттық жобаларда көзделген іс-шаралар Мемлекет басшысының тапсырмаларына және "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттерге толық сәйкес келетінін атап өтті.

Ұлттық жобаларды іске асыру экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырудың, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартудың факторына айналады.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында ұлттық жобаларды бюджет қаражаты және жеке инвестициялар есебінен басым қаржыландыру көзделген.

Үкімет басшысы жобалық тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: