14 қазанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 23:00 Ақорда
Беларусь Республикасының бастамасы бойынша.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы 14 қазанда өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

14 қазанда бейнеконференция форматында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Беларусь Республикасының бастамасы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы өтеді, - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Ол мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің өзекті мәселелерін және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайтынын атап өтті.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: