Активтерді шетелге шығаруға тосқауыл қою жөнінде семинар өтті

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 23:32 ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Оны Қаржылық мониторинг агенттігі мен ЕҚЫҰ өткізді.

Қаржылық мониторинг агенттігі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 14-15 қазанда Қазақстан Республикасын ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкестігі мәніне алдағы Өзара бағалауға дайындық шеңберінде активтерді шетелге алып өтуге қарсы іс-қимыл және оларды шығарылған елге қайтару жөнінде семинар өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Семинарға Бас прокуратураның, Ұлттық Банктің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Әділет министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Халықаралық сарапшы Денис Кунев капиталды шетелге әкетуге қарсы іс-қимылды халықаралық-құқықтық реттеу туралы айтты, шет елдердің тәжірибесімен және күдікті операцияларды анықтаудың мысалдарымен бөлісті.

Халықаралық тәжірибе құқық қорғау органдарының Қазақстаннан капиталды әкетуге қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жетілдіруіне мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: