Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әйелдер әскери қызметте немен айналысады?

ҚР ҚМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2021 00:24 ҚР ҚМ
Бүгінгі таңда Қазақстанның Қарулы Күштерінде көптеген әйелдер бар, олардан үлгі алуға болады.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қамқорлығымен өткізілген онлайн-вебинарға Қазақстан армиясының әйел офицерлері қатысты.

Айта кету керек, Қазақстанда әйелдер ерлермен қатар Қарулы Күштердің барлық түрлерінде қызмет етеді. 7,5 мыңнан астам әйел әскери қызметшілердің 800-ден астамы офицерлер.
ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жауынгерлік іс-қимылдардағы әйелдер рөлінің тарихи перспективасы" сессиясында бітімгер майор Шолпан Тәуішова сөз сөйледі. Ол тарихтағы ең қанды қарулы қақтығыстарға әйелдердің ерлікпен қатысуының тарихи мысалдарын келтірді.

Қазақ халқы қатысқан соғыстар батырларды жынысы бойынша таңдамады. Ежелгі заманда бұл Ұлы Дала тайпаларының тәуелсіздігі үшін күресте өз халқын даңққа бөлеген ұлы жауынгер – патшайым Зарина мен Томирис, жоңғарлармен күресте Айтолқын, Есенбике, Айбике, Гаухар, Назым, Бопай ханшайым мен батырлардың қыздары, әпкелері мен әйелдері қатысты. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ халқының жүздеген қыздары өмірлерін жеңіс үшін құрбандық ошағына қойды. Пулеметші Мәншүк Мәметова, мерген Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батырлары атанды. Олардың үлгісі әскери қызметтегі әйелдерді шабыттандырады, - деді Шолпан Тауышова өз сөзінде.

Бүгінгі таңда Қазақстанның Қарулы Күштерінде көптеген әйелдер бар, олардан үлгі алуға болады: аға лейтенант Ардана Ботай – бірінші және жалғыз әйел ұшқыш, әскери теңізшілер старшинанасы Дарья Кириченко, старшина Майра Абдрахманова және басқалар.

Әйелдер қызметте ғана емес, спортта да үнемі жоғары нәтижелер көрсетуде. Майор Ольга Рыпакова – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы. Сержант Людмила Губарева – биатлоннан және офицерлік үш сайыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, "Достастық жауынгері" байқауында Армия халықаралық ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы.

Бітімгершілік қызметте де әйелдер табысты болды. Полковник Диля Ахметова, майор Шолпан Тәуішова, капитан Айжан Жасұзақова мен Римма Шакеева бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға өз үлестерін қосты. 2009 жылдан бастап "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" оқу орталығында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы қатарынан 63 әйел арнайы даярлық курстарында оқытудан өтті.

Қазақстандық әйелдер нәзік жаратылыс үшін дәстүрлі емес кәсіптерде табысқа жетудің үлгісі. Олар лауазымдық міндеттерін кей ер адамдардан да жақсы орындап жүр, ұжымдағы тәртіпті нығайтуға ықпал етіп, өз міндеттерін орындауға дайын әскери маман ретінде әрекет етіп жүр.

Онлайн-вебинар барысында Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері Қарулы Күштердегі әйелдердің рөлі туралы пікір алмасты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: