Елімізде ақыры дәретхана қағазы да қымбаттады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2021 03:02 pixabay.com
Биыл дәретхана қағазы орта есеппен 6 пайызға қымбаттап отыр.

Азық-түлік бағасы көтерілгенде дәретхана қағазы да қымбаттап шыға келді. Әсіресе гигиеналық тауар құны еліміздің үш өңірінде шарықтап тұр, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Дәретхана қағазы қымбаттаған аймақтың көшін Жамбыл облысы бастады. Мұнда 12 пайызға дейін өскен. Шығыс Қазақстанда оның құны 10%, Атырау облысында 9 пайызға аспандапты. Сөйтіп биыл дәретхана қағазы орта есеппен 6 пайызға қымбаттап отыр.

Жергілікті компаниялар қағаздан жасалған майлық, жайма және дәретхана қағазына деген ішкі нарықтағы сұраныстың 68 пайзын ғана қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Есесіне импорт тауарлар 12 мың тоннаға дейін артыпты.

Жыл басынан бері елімізде 57 миллиард теңгеге жуық қағаз және қағаз өнімдері шығарылған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: