Қазақстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек берген видеосы тарады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2021 21:15 Ақорда
Ержан Қазыханов Ауғанстан әкімшілігінің өкілдері Абдул Ғани Барадар және Әмір Хан Муттакимен кездесулер өткізді.

17 қазанда қазақстандық делегация Кабулға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ауғанстанға бес мың тонна ұн түріндегі гуманитарлық көмек жеткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан президентінің арнайы өкілі Ержан Қазыханов Ауғанстан әкімшілігінің өкілдері Абдул Ғани Барадар және Әмір Хан Муттакимен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, ауған тарапы көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысын білдіріп, Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге еліміздің елеулі үлесін атап өтті.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: