Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Сауд Арабиясынан келген Әл Аш-Шейхпен кездесті

Ж.Жұмабеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 17:52 Ж.Жұмабеков
Мәжілісте Нұрлан Нығматулин Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесінің Төрағасы Әл Аш-Шейхпен кездесті.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейхпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы және мұсылман елдеріндегі ең маңызды серіктестерінің бірі екенін айтты.

Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін, бүгінде бұл бағытты Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 17:52

Сонымен қатар, Палата Спикері Сауд Арабиясы Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды әріптестерінің бірі екенін, екі ел басшыларының бірлескен жұмыстары Нұр-Сұлтан және Эр-Рияд қалалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң серпін беретініне мән берді.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин бейінді парламенттік комитеттер арқылы өзара сапарлар алмасу тәжірибесін одан әрі белсенді жалғастыра отырып, парламентаралық ұйымдар шеңберінде жұмысты әрі қарай тиімді ынталандыру керектігіне тоқталды.

Өз кезегінде, мәртебелі мейман екі ел арасындағы саяси-экономикалық байланыстың ерекше дамып келе жатқанын, осы қалыптасқан қарым-қатынасты одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 17:52

Нұрлан Нығматулин мен Әл Аш-Шейх Қазақстан мен Сауд Арабиясы қатынастарын жан-жақты нығайту және арттыру парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға зор серпін беретініне сенім білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 17:52

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: