Жаңалықтар тізбегі
0

"Кальмар ойыны" сериалы бала психологиясына қауіпті ме – БҒМ жауабы

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 20:57 видеодан кадр
БАҚ өкілдері аталған сериал көптеген ата-ананы уайымға салғанын жеткізді.

ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова балалар мен жастар арасында танымал оңтүстіккореялық "Кальмар ойыны" сериалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

БАҚ өкілдері аталған сериал көптеген ата-ананы уайымға салғанын жеткізді. Осыған байланысты бұл сериал бала психикасына қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіруді сұраған еді.

Шолпан Каринова аталған туынды қазақстандық өнім емес екенін, әрі 18 жастан асқан ересектерге арналғанын атап өтті.

"Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан, ең алдымен ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Мектептерде де осы мәселеге назар аударған жөн. Әрине, балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте – педагогтер бақылауы керек", - деп жауап берді вице-министр.

Ш.Каринова биылдан бастап барлық білім беру ұйымында балалардың сыни ойлауы мен эмоционалды интеллектісін дамытуға, сондай-ақ ақпаратты таңдап оқуға үйрететін арнайы курс енгізіліп жатқанын айтты.

Дайана Тоқберген

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: