Жаңалықтар тізбегі
0

Балалар үшін қауіпті онлайн ойын анықталды

Балалар үшін қауіпті онлайн ойын анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 09:14 Сурет: pixabay
Телефонға телмірген балалар үшін тағы бір қауіп төнді. Соңғы апталарда ата-аналар аса алаңдап, үрейлі үндеу жасап жатыр. Чаттардағы хаттарға сенсек, жаңа қауіпті ойын пайда болған.

Қосымшада балаға түрлі тапсырмалар беріледі екен. Басым бөлігінің мәні – ата-анаға деген агрессияны тудырып, үйден қашып, түрлі қатерлі қадамдарға баруға итермелейді. Осы және өзге де жағдайларға байланысты еліміздегі барлық мектептерде бала қауіпсіздігіне арналған ата-аналармен жиналыс өткізіліп жатыр. Онда қауіптің алдын алу шаралары баяндалады.

Ойынның атауы "Үйден қашу" деген мағынаға саяды. Әрі қарай, көше кезген балаға онлайн теріс тапсырма, бұрыс бұйрықтар беріледі. Қосымшаның құрығына түскен баланың әр қадамы қауіпті, деп жазады qazaqstan.tv.

Осы жағдайдан кейін Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер министрлігіне қауіпті ойындарды бұғаттау жөнінде хат жолдады. Ал психологтар бұл мәселенің туындау себебі мен шешімі әр отбасыға байланысты екенін айтады.

"Ең оңай манипуляцияға ұшырайтын балалар, ата-ана тарапынан көңіл бөлінбеген балалар. Өйткені, өзінің табиғатында бала көңіл бөлуге өте мұқтаж болады. Ата-ана менімен сөйлессе екен, құшақтаса екен, мақтаса екен, қолдаса екен деп мұқтаж болып тұрады. Оны ата-ана бермеген кезде, оны кім береді, соның әсерінде қалады."Ержан Мырзабаев, психолог

Бала – білсем, көрсем деп тұрады. Неге болса да қызығушылық қуатты. Сондықтан түрлі зиянды қосымшалар мен ойындар баланың зейініне зілдей батып, санасын уламасын десек, шектеу қажет. Мөлшерден асқанның бәрі зиян.

"Бірде бір заң адамды сен мынаны істеме, мынаны қарама деп шектей алмайды. Мемлекеттің, Үкіметтің парызы жақсы жолды ұсыну. Негативті жаққа бала бара ма, бармай ма ол жақындарына, қоршаған ортасына байланысты." Самат Нұртаза, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Ал мамандар баланың телефонмен қандай қосымшаны көргенін біліп отыру үшін ата-аналарға бақылау бағдарламасын жүктеуге кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: