Балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналауға міндеттейтін бұйрыққа қол қойылды - фейк

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 01:12 zakon.kz
Жазба авторы ата-аналардың рұқсатынсыз балаға міндетті екпе салуды қарастыратын Денсаулық туралы кодекске қол қойылды-мыс дегенді айтады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды COVID-19 қарсы міндетті вакциналау туралы бұйрыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.

Жазба авторы ата-аналардың рұқсатынсыз балаға міндетті екпе салуды қарастыратын Денсаулық туралы кодекске қол қойылды-мыс дегенді айтады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 12 жастан асқан барлық балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналауға міндеттейтін бұйрық туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның ресми өкілі мұндай бұйрық жоқ екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта вакцинаның қажетті көлемін есептеу, суық тізбекті қамтамасыз ету жүргізілді (Pfizer вакцинасы үшін ультра төмен температуралық режимді сақтау қажет - минус 60-90 градус Цельсий). Жасөспірімдерді егуге арналған вакцинаны алудың болжалды уақыты – биыл қарашаның екінші онкүндігінде. Аталған топтарға жататын тұлғаларды вакцинациялау олардың ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін, жасөспірімдерді тек ата-аналардың немесе ресми өкілдердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылатынын атап өткеніміз жөн, – деп хабарлады Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов халықты коронавирустық инфекцияға қарсы Pfizer вакцинасымен егу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіткен болатын. Бірінші кезеңде препарат 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдерге және 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге егіледі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: