Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде қоқыс мәселесі шешіледі

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 23:00 Павел Михеев / zakon.kz
Қала әкімінің өкімімен қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Қаладағы ең ірі қоқыс шығаратын "Семей Тазалық" кәсіпорны тек штаттық ғана емес, күшейтілген режимде де жұмысқа кірісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кәсіпорын директоры Бекжан Қапышевтың айтуынша, 4-5 күн ішінде жағдай қалпына келеді. Бұл туралы ол тұрғындар, ПИК төрағалары, мәслихат депутаттары және Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде мәлімдеді.

- Шынында да, 5 күн ішінде жүргізушілер жалақысы төмен болғандықтан желіге шықпады. Өз кезегінде қоқыс та шығарылған жоқ. Біз жалақыны көтердік, менің қолымда бұйрық бар, - деді Бекжан Қапышев.

Қоқыс шығарылатын 1427 көпқабатты үйлер мен 8500 жеке сектордағы үйлерге қызмет көрсетіледі. Заңды тұлғалардың тағы 4 мыңнан астам нысаны бар.

Қалада қоқыс шығарумен 8 сервистік компания айналысады. "Семей Тазалық" ЖШС-нен басқа барлық кәсәпорындар штаттық режимде жұмыс істеуде. Олардың жұмысына қала тұрғындары тарапынан шағымдар жоқ.

Тұрғындар үйлердің 70%-дан астамына қызмет көрсететін және өзінің шарттық міндеттемелерін орындамайтын "Семей Тазалық" жұмысына қатты наразылық білдіруде. Қала әкімінің атына қала тұрғындарынан көптеген өтініштер келіп түсуде. Бүгінде өтініштердің саны 35-тен асты, олардың 8-і ұжымдық. Әлеуметтік желілерде де жағымсыз пікірлер көп. Тұрғындардың барлық шағымдары тиісті органдарға - ІІБ, СЭС, прокуратураға құқықтық бағалау және қоқыс жинайтын компанияға әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау үшін жіберілуде.

Семей әкімдігі қоқыс шығаратын ұйымдарды анықтау алгоритмін әзірледі. Қала әкімі Бақытжан Байахметовтың өкімімен қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Семейде ҚТҚ шығару және сақтау тарифтері соңғы 6 жылда көтерілмеді. Осы жылдың қаңтарында жаңа экологиялық кодекстің енгізілуімен және қыркүйекте коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларының бекітілуімен тарифтерді қайта қарау мүмкіндігі пайда болды.

- Қазіргі уақытта әкімдік барлық қажетті рәсімдерді жүргізуде, сондай-ақ тариф әзірлейтін "Ерай сервис" ЖШС ұйымының сарапшылары шақырылды. ҚТҚ шығару мәселесі қала әкімінің күнделікті бақылауында, - деп атап өтті Семей қаласының ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова.

ҚТҚ шығару және сақтау тарифтерін көтеру мәселесі алдағы ай ішінде жан-жақты зерттеледі деп күтілуде. Мәслихат депутаттарының бекітуіне бұл мәселе желтоқсан айында шығарылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: