Қазақстандық экспорттаушылардың шығындары қалай өтеледі
2021 жылы өткізілген 21 ВАК қорытындысы бойынша 142 компаниядан жалпы сомасы 5 387,6 млн теңгеге 271 өтінім мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның ішінде:
- тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша – 5 287,5 млн теңге сомасына 264 өтінім;
- тауарларды ілгерілету бойынша – 100,1 млн теңге сомасына 7 өтінім.
Мемлекеттік қолдаудың осы түрінің орнына экспорттаушылар өздеріне қарсы міндеттемелерді қабылдайды, олар өтем алуға арналған келісімдерде тіркеледі.
Мәселен, экспорт кезінде шығындарының бір бөлігі өтелген 142 компания 2023 жылға қарай мынадай көрсеткіштерді арттыруды жоспарлап отыр:
- экспорт көлемін 99 932,5 млн теңгеге;
- бюджетке салық аударымдарын 8 039,7 млн теңгеге;
- жұмыс орындарының санын 1 174 адамға.
2020 жылы 19 ВАК қорытындысы бойынша 216 компанияның жалпы сомасы 5 611,0 млн теңгеге 487 өтінімі мақұлданды, оның ішінде:
- жалпы сомасы 942,4 млн теңгеге өтем алған 60 компания мынадай көрсеткіштерді арттыру бойынша өздеріне қарсы міндеттемелер алды:
- экспорт көлемін 52 398,50 млн теңгеге;
- бюджетке салық аударымдарын 3 180,0 млн теңге;
- жұмыс орындарының санын 1 342 адамға.
Отандық өңделген тауарларды/көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі уәкілетті орган 2021 жылдан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысындағы компания "QazTrade" АҚ-ы болып табылады.