Қазақ футболын сыйламаған Тихонов пен Тигранға жаза тағайындалды
ҚФФ
Футболшы бір айға, бапкер екі жылға шеттетілді.
27 қазанда ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырыста төмендегідей шешімдер қабылданды, дейді aladop.kz:
Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының XXV туры "Қайрат" – "Астана"
- Көрермендерге қатысты жөнсіз әрекет істегені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының ойыншысы Тигран Барсегян бір айға ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыруымен өтетін ойындардан шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
- Команданың мінез-құлқы үшін және "Fair Play" қағидасын бұзғаны үшін, ойыншылардың матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кетуі, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік ереженің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыратын жарыстардан жиырма төрт айға шеттетілді.
Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript