Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин "ЕО – Орталық Азия" экономикалық форумына қатысты

primeminister.kz primeminister.kz
Премьер-министр Орталық Азия мен Еуропалық одақты байланыстыратын инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігін арттырудың, сондай-ақ "жаңа буынның" көлік тізбегін құрудың маңыздылығын атап өтті.

Бүгін Бішкек қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "ЕО – Орталық Азия" бірінші экономикалық форумына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы өз сөзінде Еуропалық одақ Орталық Азия аймағының маңызды және неғұрлым тұрақты экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Тек соңғы 10 жылдың ішінде ЕО-ға мүше мемлекеттер Орталық Азия елдеріне 105 млрд еуродан астам инвестиция салды, бұл аймаққа келіп түскен тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 40%-нан асады. ЕО үлесіне Орталық Азия сыртқы саудасының жалпы көлемінің 30%-дан астамы тиесілі, делінген ҚР Премьер-министрі сайтында.

Қазақстан Премьер-министрі елдердің дағдарысқа қарсыдан пандемиядан кейінгі даму күн тәртібіне көшуін ескере отырып, "ЕО – Орталық Азия" форматында бірлескен жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.


Үкімет басшысы ЕО мен Орталық Азия елдерінің өндірістік активтерін интеграциялаудың және жаңа өндірістік-өткізу тізбектерін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Премьер-министр Орталық Азия мен Еуропалық одақты байланыстыратын инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігін арттырудың, сондай-ақ "жаңа буынның" көлік тізбегін құрудың маңыздылығын атап өтті. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, Орталық Азияның көлік әлеуетін іске асыру өңірдің ЖІӨ 15%-дан астам қосуы мүмкін. Жаңа көлік бағыттарына сұраныстың артуы 2021 жылдың 9 айында Қазақстан аумағы арқылы тек "Қытай – ЕО" бағыты бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемінің 38%-ға артып, 500 мың ЖФЭ жуық жеткендігімен дәлелденеді.

Осы тұрғыда Мамин Қазақстанның ЕО Трансеуропалық көлік желісі (TEN-T) жобасы шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуді қолдайтынын атап өтті.

Үкімет басшысы Орталық Азияға еуропалық инвестицияларды тарту және құрылымдау үшін қазіргі уақытта ЕО-дан 70-ке жуық компания қолайлы салықтық, визалық және еңбек режимінде жұмыс істейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңын ұсынды. Орталық Азия республикалары мен Еуропалық одақ елдерінің орнықты даму модельдеріне көшуін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Премьер-Министрі Орталық Азия өңірлері мен ЕО үшін "Жасыл экономика тұжырымдамасын" бірлесіп әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Мамин Қазақстанның Еуропалық жасыл курстың (European Green Deal) мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде ЕО серіктесі болуға, Еуропалық шикізат және аккумулятор альянстарымен, Экологиялық бастамалар жөніндегі еуропалық инвестициялық банкпен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

Премьер-министр "Орталық Азия – ЕО" іскерлік кеңесін құру бастамасын көтерді, оған екі өңірдің экономикалық блоктарының министрлері, бизнес басшылары, сондай-ақ қаржы институттарының, сауда және өнеркәсіп палаталарының өкілдері қатысады.

Бішкек қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскиспен екіжақты келіссөз жүргізді.

Үкімет басшысы ҚР мен ЕО елдерінің ұлттық экономикаларының қалпына келуі аясында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауда және инвестициялық ағындардың жоғары серпінін атап өтті. Биылғы жылдың 9 айында Қазақстан – Еуропа тауар айналымы 18,4%-ға артып, 20,8 млрд долларды құрады. 2021 жылдың бірінші жартысында ЕО-ның Қазақстан экономикасына тікелей инвестицияларының көлемі 14,1%-ға өсіп, 4,7 млрд доллардан асты.

Кездесу барысында қазақстандық делегацияның биылғы 1 қарашада Глазго қаласында өткен климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ СOР26 көшбасшылар саммитіне қатысу қорытындысы, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша ҚР мақсатын іске асыруда Қазақстанның ЕО-мен өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.

В. Домбровскис ЕО-ның "жасыл" экономиканы, оның ішінде экологиялық таза энергия көздерін, көлікті дамытуға және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге баса назар аудара отырып, ҚР-мен және бүкіл Орталық Азия аймағымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін білдірді.

Бұл ретте ЕО аталған салаларда бірлескен жобаларды іске асыру арқылы өз тәжірибесімен және технологияларымен бөлісуге дайын. Еуропалық комиссияның вице-президенті ЕО Қазақстанның төрағалығымен өтетін ДСҰ-ның алдағы 12-ші министрлік конференциясының (Женева қ., 2021 жылғы 30 қараша – 3 желтоқсан) қорытындысы бойынша уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруда ҚР-мен тығыз ынтымақтасуға ниетті екенін атап өтті.

Мамин сондай-ақ Қырғызстан Үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаровпен және Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді. Сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, АӨК, өнеркәсіптік кооперация және т. б. салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстандық делегация құрамына ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев және т. б. кірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: