Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада өңірлер мен Нұр-Сұлтан тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

елорда әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2021 19:25 елорда әкімдігі
Айта кетсек, аталған жәрмеңке 6-7 қараша күндеріне дейін жалғасады. Келер аптаның сенбі-жексенбі күндері тағы да 200 астам тауар өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласының тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтары күннің суығына қарамастан қажетті азық-түлік қорын сатып алуда. Әсіресе, сиыр еті мен сүт өнімдері, балық пен көкөніс кең сұранысқа ие. Ал тауар құны нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан.

Бүгін күн суық болса да өз өнімдерімізді әкелдік. Тұрғындар біртіндеп жиналып жатыр. Кешкі уақытта дейін тауарларымызды сатып, ертең таңертең тағы да шығамыз. Бір байқағаным, балық өнімдерінің бағасы арзан болғандықтан тез өтіп кетеді, – дейді Ардақ есімді сатушы.

Бұдан бөлек, тауарлардың кең ассортименті ұсынылуда, соның ішінде: сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн және т.б. өнімдер бар.

Мен бүгін алма мен қияр, сиыр еті мен балық етін салып алудамын. Себебі, алманың құны 350 теңгеден басталады екен. Ал үйімнің жанындағы дүкеннен 550 теңгеден алып жүрмін. Сенбілік демалысымды пайдаланып, жәрмеңкеге келдім, – дейді Сымбат есімді қала тұрғыны.

Айта кетсек, аталған жәрмеңке 6-7 қараша күндеріне дейін жалғасады. Келер аптаның сенбі-жексенбі күндері тағы да 200 астам тауар өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: