Түркі кеңесі сөзден іске көшейін деді
Ақорда
Одақтағы "браттар" жынданып отыр.
Ыстанбұлда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті басталайын деп тұр. Онда бұл кеңесті Түркітілдес мемлекеттердің толыққанды ұйымына айналдыру жоспарланған.
"Бұл енді батыл да жауапты қадам. Сөзден іске көшейін деді. Кеңестен Одаққа айналады", – деп жазады желіде Шыңғыс Бауыржанұлы.
Күні кеше Ердоған бұл саммит ұйым тарихындағы үлкен бетбұрыс болады деп, бәрімізді қызықтырып қойды. Сонысына қарағанда, шынымен де "бомба" болатын сияқты. Айтпақшы, ауыр салмақты бұл саяси ұйымға қосылуға Украинаның өзі емеурін танытыпты.
Әрине, мұның барлығын байқап отырған солтүстіктегі кей "бұғылар" қазір жынданып жүр. "Достық" орденінің екі дүркін кавалері және "Барыс" орденінің кавалері осы саммит қарсаңында қазақ-орыс тақырыбын көтеріп, арандату мақсатында мақала жазып жіберді. Біз түркі әлеміне қарай ақырын қозғала бастағанымызда солтүстіктегі одақтас "брат" халық бізді қорқытып-үркіте бастайды. Ендеше, біздің бағытымыз дұрыс сияқты. Олардың қорсылы қаттырақ естіле бастаған сайын, кеткен есесін қайтарып, баяғы үстемдігін қайтарғысы келетін ұлы Түркі әлемі тіріле беретін сықылды, делінеді жазбада.
Жириновский "түркітілдес халықтар бірігіп кетер ме екен" деп қорқады
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript