Сенатор Дана Нұржігіт "Жас сарбаз" ұлттық орталығында болды
Н.Байбуллин
Cенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жеке кітапханасынан "Жас сарбаз" қозғалысына қатысушыларға 100 кітап сыйға тартты.
Бүгін Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Нұржігіт "Жас Сарбаз" патриоттық қозғалысының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған республикалық қоғамдық қозғалыстың құрылғанына үш жыл толып отыр, осыған орай сенатор жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті.
"Мемлекеттің патриоттық тәрбие мәселесіндегі басты мақсаты өскелең ұрпақтың ұлттық санасын, бірінші кезекте тілге, ұлттық құндылықтарға деген құрметін, қоғам алдындағы жаупкершілік пен адам өмірінің құндылығын, еңбекті бағалау, заң үстемдігінің маңыздылығын, сондай-ақ, туған елінің Тәуелсіздігінің құнын білу туралы түсінік-пайымын қалыптастыру. Мұның барлығы түптеп келгенде ұлттық қауіпсіздік мәселесі", - деді сенатор кездесу барысында.
Дана Нұржігіт палата комитетінің атынан сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жеке кітапханасынан "Жас сарбаз" қозғалысына қатысушыларға 100 кітап сыйға тартты. Онда әлем және қазақ авторларының кітаптар жиынтығы ұсынылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript